2023 жылы 28 наурызда «Ақмола дарыны» орталығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен кәсіпкермін» облыстық Гранд турнирі өтті.
Гранд турнирге 21 колледж, 49 студент қатысты. Оған 30 бизнес жоба ұсынылды. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы (НО-42 тобы Ермекова Аружан, Сейлова Анель, Хашиева Лема) Әлжанов Руслан Оралұлының жетекшілігімен «QOSHAQAN» Балаларды дамыту орталығы» бизнес жобасымен атсалысты. Бизнес-жобаның мақсаты – Көкшетау қаласының балаларын мектепке дайындау, білім беру қызметтерін көрсету арқылы мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың білім, білік, дағдыларын дамытуға көмектесу.
Турнирдің 2 туры ZOOM платформасы арқылы өткізіліді.
1 тур: «Визит карточкасы», 2 тур: «Бизнес жоба»
Командаға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
Альжанов Р.У.