2023 жылғы 15 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ЧС-32Г тобының білім алушысы Баркова Ольга Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясында өткен «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» атты ХІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Білім алушы конференция тақырыбы бойынша «Азаматтық қорғаныс саласындағы білікті кадрларды оқыту мен даярлаудың өзекті мәселелері» атты баяндама жасап, болашақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді кәсіби даярлауды сапалы ұйымдастыру үшін 2 қабатты оқу-жаттығу кешенінің жобасын ұсынды.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 17 Наурыз 2023 17:18