АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 11 Наурыз 2023 08:32

Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Кафедраның үздік жас оқытушысы – 2023» жыл сайынғы байқауы

2023 жылғы 10 наурызда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Кафедраның үздік жас оқытушысы – 2023» жыл сайынғы байқауы өтті.

Бұл іс-шара жас оқытушылар арасында тәжірибе тарату және, әрине де, кәсіби қызметті ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1. Гран-при – Исаков Біржан Жеткірбайұлы, Азаматтық қорғаныс кафедрасының жалпы білім беру пәндер оқытушысы;

2. 1 орын – Марат Азат Маратұлы, Азаматтық қорғаныс кафедрасының жалпы білім беру және арнайы пәндер оқытушысы;

3. 2 орын – Орал Серікболсын Маратұлы, Азаматтық қорғаныс кафедрасының өндірістік оқыту шебері;

4. 3 орын – Балгожин Даурен Ерболович, Азаматтық қорғаныс кафедрасының жалпы білім беру және арнайы пәндер оқытушысы;

Сондай-ақ, «Креативті оқытушы» номинациясында Джамбулов Адиль Амангельдинович жеңіске жетті.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және кәсіби қызметте одан әрі табыс тілейміз!