2023 жылғы 27 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің БББПӘ-11 тобында қазақ әдебиеті пәнінен «Шерхан Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі. Шығарманың жаңашылдығы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ «Төңкерілген оқыту» технологиясы бойынша өткізіліп, жаңа тақырыпқа қатысты барлық материал Padlet тақтасы сервисіне орналастырылды. Білім алушылар арнайы әзірленген Qr-code арқылы жеке, жұптық, топтық жұмыс тапсырмаларын орындауда сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз бетімен білімді меңгеру, іздену, салыстыру, зерттеу әдістерін кеңінен қолданды. Білімді нақты критерийлермен өзара бағалау, топтық бағалауда таным мен ойлаудың деңгейлері Блумның толық меңгерту теориясын пайдаланды.
Ұсынылған материалдан түйінді ой шығарып, көркем шығарманы сахналау тәрізді шығармашылық-ізденіс тапсырмаларын орындауда белсенділік танытуы – сабақтың білім алушылар үшін танымды, әрі қызықты болғанын дәлелдеді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы: Ибраева Г.Е.