Әкелуге тыйым салынған, білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдалану үшін шектелген заттардың тізбесін бекіту туралы 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрық негізінде, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі Көкшетау қ. ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ-мен бірлесіп тыйым салынған заттарды анықтауға бағытталған рейд ұйымдастырды. Осыған байланысты Колледж оқу ғимараттарына қол металл детекторларын сатып алды.
Петропавл қ. мектебінде орын алған төтенше жағдайға байланысты, 2023 жылғы 7-8 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде барлық колледж білім алушыларының ата-аналарымен Ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковна, колледж психологы Мазбаева Гульден Амантаевна және Көкшетау қ. ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция аға майоры Нурмагамбетова Виктория Каримжановна жиналған ата-аналарды колледж студенттерін тінту тәртібі туралы хабардар етті.
Тінту тәртібі рұқсатнамалық тәртіптемені күшейту мақсатында енгізілген болатын. Колледждің белгіленген тәртібін, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігін сақтауға және қамтамасыз етуге бағытталған арнайы шаралар кешені төтенше жағдайлар мен қауіпті жағдайларды болдырмауға көмектеседі.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 23 Ақпан 2023 10:52