09.02.2017 жылы Азаматтық қорғаныс көпсаалалы колледжінде «Экономика, тарих және құқықтану оқытушыларының педагогикалық шеберлігін жалпылау» семинары өтті.
Колледж оқытушылары секция бойынша келесідей іс-шараларға қатысты: экономика және есеп және аудит секциясында оқытушылар «Бухгалтерия – математиканың ақыл-парасат алдындағы салтанаты» тақырыбында жұмыс жасады. Семинардың басында У.К.Козганова «Есеп және аудит дегеніміз не және есеп-қисап үшін жауапты адам қандай болуы керек екенімен» таныстырды және де оның заманауи кескінін жасады.
Оқытушы Н.М.Пенкина қызметкер құрамының жалақысын төлеу және жалақыны қалай есептеу керек екені туралы қысқаша айтып өтті. Әрбір топқа тәжірибелік тапсырмалар берілді.
«Жақсы салықтар болмайды» - Уинстон Черчилль. Оқытушы А.Б.Кайникенова салық түсінігі, оның түрлері және ҚР салықтардың функциясымен таныстырды.
Секцияның екінші бөлімі Д.Г.Елемесовамен топтық нысанда ұйымдастырылды: «Отбасылық бюджетті тиімді қолдану және үнемдеу». Семинарға қатысушылар өзінің отбасылық бюджетін қолдана отырып есеп жүргізді. М.К.Омиралина әрбір оқытушы семинар туралы өз ойын білдіретін рефлексиямен таныстырды.
Тарих секциясының оқытушылары өзінің мәселесін қарастырды: «Оқытудың ұжымдық тәсілі». Аталған сұрақ бойынша Д.С.Маликов сөз сөйледі және де аталған мәселе белсенді талқыға салынды. Әрі қарай жоспар бойынша М.Д.Касимова және Е.Е.Кульмаганбетов викторина нысанында тәжірибелік бөлімді өткізді. Викторина 5 кезеңнен тұрды: «Білімпаздар байқауы», «Зерттелмегенді іздеу», «Даналық және шешендік», «Тарихи тұлғаны таны», «Қара қорап».
Құқықтану секциясының оқытушылары «Құқық- жақсылық және әділеттілік өнері» тақырыбында жұмыс жасады.
Оқытушы А.Б.Сарсенбаева оқытушыларды жаңа инновациялық технологияларды қолдану әдісімен, вариативтік насандағы оқытуды таныстырды.
Оқытушы К.Т.Кудайкулова тәжірибелік қызметіндегі мысалдарды қолдана отырып, еңбек құқығындағы әдістемелік аспектілерін қарастырды.
«Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» атты тақырыпта М.Б.Булатов сөз сөйледі. Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау кезінде кездесетін тәжірибелік мәселелермен таныстырды. Талан-таражға салудың жалпы түсінігінің және нысандарының анализіне көңіл бөлді.
Тапсырмаларды орындау барысында семинарға қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберлігін, майталмандығын, тапқырлығын, бейімділігін, логикасын көрсете білді. Семинар мазмұнды және қызық өтті. Семинарға қатысушылар «Кофе-брейк» барысында білім алушылардың ойлау қабілетін дамыттыру үшін оқытудың әдістемелерін және технологияларды қолдануды талқылаумен өз жұмысын аяқтады .
Бекжанова М.Е.