2023 жылғы 9 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі және «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы» РМҚК арасындағы ынтымақтастық аясында «Ботай – энеолит дәуірінің қонысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында АҚЖКК студенттеріне Ботай мәдениеті туралы «Первовсадник» фильмі көрсетіліп, өз баяндамаларымен Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің директоры Тюлебаев Аскербек Жамантаевич және «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы» РМҚК кіші ғылыми қызметкері Макеев Марат Сайлауович сөз сөйледі.
Сондай-ақ, «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» жәдігерлерінің экспозициясы және керамикалық ыдыстар жасау бойынша мастер-класс ұсынылды.