Жолың болысын! Тек алға!
Кезекті тоғызыншы алтынды Қазақстан қоржынына қысқы Универсиада-2017 қазақстандық жұп - Анна Шевченко мен Олжас Климин үздік нәтиже көрсетті (18:23.48). Олардан кейін француздар мен ресейліктер жайғасты.
Топтың жетекшілері старттың басында-ақ анықталды. Олар: Ресейдің қос құрамасы, Қазақстан мен Францияның бірінші командасы. Алғашқы төрт айналымда олардың әрқайсысы топтан суырылып шығуға ұмтылды. Соңғы бесіншісінде қазақ спортшысы Анна Шевченко да шабуылға шығып, Олжасты алға шығарып жібергендей болды. Француздар мен ресейлік шаңғышылардың бос кеңістікке ұмтылған қадамы сәтсіз аяқталып, Олжас мәреге жалғыз өзі ғана жетті.
- Аня маған эстафетаны беріп, соңғы айналымға шыққан кезде, «алтынға қол созым жер ғана қалды, міне, қолыңда тұр алтын» деп өзіме күш бердім. Бапкерлеріміз де қашыңдар деді. Біз соны тыңдап, жеңіске жеттік!», - дейді Климин.
Олжас Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің дене тәрбиесі және спорт мамандығының 4 курс білімалушысы.
Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ. Олжас Климин өзінің тренерларына айтар алғысы шексіз.
Колледжде Олжас жеңіске деген ұмтылысымен табандылығымен ерекшеленетін. Спортта тек әрқашан мықты ұтады! Олай болса, Олжас келешекте Олимпиада чемпионы болады деп кәміл сенеміз.