АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 10 Ақпан 2023 03:42

«Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan өңірлік чемпионатының колледжішілік іріктеу жарысы

2023 жылғы 8 ақпанда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында 3 курс білім алушылары арасында «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan өңірлік чемпионатының колледжішілік іріктеу жарысы өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша білім алушылар келесі нәтижені көрсетті:
Гран-при ТЖ-31В тобының студенттеріне берілді;
1 орынды ЧС-32А тобының студенттері иеленді;
2 орынды ТЖ-31Д тобының студенттері иеленді;
3 орынды ТЖ-31Г тобының студенттері иеленді.
Сонымен қатар кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен студенттер мен топтар қосымша марапатталды:
«Зардап шегушіге кигізу арқылы қос құтқару ілмегін байлау түрі» кезеңі бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін ТЖ-31Г тобының студенті Кайратов Мейрхан марапатталды;
«ТЖ аймағынан жарылыс қаупі бар жүктерді іздеу және эвакуациялау» кезеңі бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін ТЖ-31В тобының студенттері марапатталды;
«Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию» кезеңі бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін ТЖ-31В тобының студенті Шаймерден Темірлан марапатталды;
«Өрт-техникалық жабдықтармен жұмыс: өрт жеңдерін жаю, қосу және жинау» кезеңі бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін ЧС-32А тобының студенттері марапатталды.
АҚЖКК өз студенттерінің жауынгерлік дайындығын арттыру және кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында жыл сайын WorldSkills Kazakhstan чемпионатына қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!