АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 09 Ақпан 2023 03:39

«АИТВ туралы қарапайым сөздермен» тақырыбында дәріс

2023 жылғы 7 ақпанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен бірлесіп, бірінші курс студенттері арасында «АИТВ туралы қарапайым сөздермен» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс аясында білім алушылар АИТВ-ға жедел тестілеуден өтуге мүмкіндік алды.

Студенттер жұқтыру жолдары, алдын алу шаралары және АИТВ инфекциясын емдеу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен танысты.