АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 30 Қаңтар 2023 06:15

Облыстық «Кезең» спартакиадасы

2023 жылғы 24-27 қаңтар аралығында Зеренді ауылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқушыларының 7 командасы арасында футзалдан (ұлдар) облыстық «Кезең» спартакиадасы өтті. Осы жарыстардың нәтижелері:

Топтық кезең:

1. АҚЖКК – Щучинск қ. ЖПК, ойын 12-1 есебімен аяқталды.

2. АҚЖКК – Щучинск қ. ОШЭТЖК, ойын 8-0 есебімен аяқталды.

Жартылай финал:

1. АҚЖКК – Көкшетау қ. ЖТК, ойын 9-2 есебімен аяқталды.

Финал:

1. АҚЖКК – Ж. Мусин атындағы ЖҚПК, ойын 3-0 есебімен аяқталды.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы  колледжін лайықты 1 орынмен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Футзалдан АҚЖКК командасы бес дүркін облыстық чемпион, сондай-ақ Қазақстан чемпионы болып табылады.

Жаттықтырушылар мен студенттерге колледж намысын қорғап, жыл сайын жеңіске жететіні үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Кескіндер галлереясы