2023 жылғы 25 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында ЧС-12А тобында Физика пәнінен «Электролиттердің ерітінділері мен балқымаларындағы электр тогы. Электролиз заңдары» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында білім алушылар сұрақтарға жауап беріп, қойылған міндеттерді шешіп, жаңа тақырыпты жан-жақты зерттеді.
Сабақта АКТ, топтық жұмыс, зерттеу әдісінің технологиялары, «БИС» әдісі, «Ойлау, шешу, бөлісу» әдісі, «Карусель» әдісі, презентация, «Физика бойынша тәжірибелер. Судың, тұздың және тұздың ерітінділерінің, қанттың және күкірт қышқылының электр өткізгіштігін салыстыру» тақырыбы бойынша бейнематериал қолданылды.
Сабақ танымды және қызықты өтті, оқушылар белсенді қатысты.
Физика оқытушысы Сарсенбаева Р.А.