АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 27 Желтоксан 2016 06:56

Филологиялық-педагогикалық пәндерінің ПЦК "Қазақстан білім жүйсіндегі тілдердің үштұғырлығы" тақырыбында семинар

Әдістемелік кеңестің жоспары бойынша 21.12.2016ж  колледжде  филологиялық-педагогикалық  пәндерінің  ПЦК "Қазақстан білім  жүйсіндегі тілдердің үштұғырлығы" тақырыбында семинар өткізілді.  Эпиграф ретінде Ғабиден Мұстафинның сөздері   алынды "Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін! " Семинар аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары М.Ғ. Шонова, Г.Е. Ибраева, М.Ж. Қасымов, С. Қалел С.С. Усина «Атамұра танымдық отауы» секциясына бірігіп, өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен  бөлісті. Ұлттық тіл, ұлттық салт- дәстүрді ұрпақ санасына берік сіңіруді мақсат еткен семинар барысында аталған оқытушылар ұжымы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың  жаңа әдістемелерімен бірге бүгінгі инновациялық технологиялардың оқу үдерісіне тигізген игі әсерлерін семинарға қатысқан әріптес оқытушылар назарына ұсынды. Сонымен қатар English-speaking club- ағылшын тілі секциясында: Анафина А.К.,Батаева Ф.А., Булатова М.А., «Литературная гостиная» - орыс тілі мен әдебиет: Альжанова Л.С., Артюхова Н.А., Бортникова Л.А., Герасимова Л.Л, Култанова Б.Н., «Властелин Чудес» -  психология және педагогика: Баядилова А.К.,Бейсембаева С.А., Бекахметова Ж.С., Халитова Ф.Р. секцияларында оқытушылар жұмыс істеді

Семинарға қатысқан оқытушылар арасынан сайланған спикерлер іс-шараның ұйымдастырылуы мен өткізілу деңгейін жоғары бағалап,  қатысқан оқытушылар атынан ризашылығын білдірді.

Мукушева Г.Р.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp