9 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы ғылым» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Колледж оқытушыларының үш тілдегі ғылыми зерттеулері тыңдалды:
-«ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН АҚША ҚАРАЖАТЫН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ МҮЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ» баяндамасымен құқық магистрі М.Е. Бекжанова және «ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУҒА ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ» баяндамасымен бірінші санаттағы оқытушы Р.З. Нурсеитова мемлекеттік тілде сөйледі;
-ағылшын тілінде «REFORMS OF SERVIUS TULLIUS» баяндамасымен т.ғ.к., доцент С.Т. Садыков және «TRANSLATION OF CULTURE – BOUND WORDS IN TO THE KAZAKH IANGUAGE» баяндамасымен ф.ғ.к., доцент Ф.А. Батаева сөйледі;
-орыс тілінде «ПРАВО НА НЕПРИКОСНОВЕННОСТЬ ЧАСТНОЙ ЖИЗНИ КАК ЕСТЕСТВЕННОЕ ПРАВО ЧЕЛОВЕКА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН» тақырыбына М.Б. Булатов және «ОРГАНИЗАЦИЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ НА УРОКАХ ФИЗИКИ» тақырыбына бірінші санаттағы оқытушы Р.А. Сарсенбаева баяндама жасады. Конференцияның соңында «Здоровое питание – основа успешной учебы и творческой активности обучающихся» тақырыбындағы ғылыми зерттеумен ОӘЖ бойынша директордың орынбасары э.ғ.к., доцент Ж.Ә. Тұралина сөз сөйледі.
Конференция қорытындылары бойынша ғылыми баяндамалармен сөз сөйлегендердің барлығына қатысушы сертификаты табыс етіліп, ҒПК материалдарының жинағы жарық көрді.
Туралина Ж.А.