14 желтоқсан 2016 жыл Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік - бабалар аманаты» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара шымылдығы «Тәуелсіздік» деген ұлы мақсатқа ата-бабамыздың қалай талпынып, қандай құрбандыққа барғанын көрсететін көрініспен ашылып, ҚР Мемлекеттік гимні орындалды. Хандық дәуірмен Алашорда кезеңін сабақтастырып, желтоқсан оқиғасының салдарын саралаған көрініс көпшілік көңілінен шықты. Іс-шараның арнайы қонақтары колледж президенті Қасым Шоқан Жанатұлы, вице-президент Кривошеев Валерий Павлович қонақтар мен оқытушыларды, колледж білім алушыларын мерекемен құттықтады. Еңбегі еленген оқытушыларға білім басқармасы мен колледж президентінің мадақтама грамотасын колледж директоры Тюлебаев А.Ж. тапсырды. Желтоқсан мен тәуелсіздікті қатар жырлаған оқушылар желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, тәуелсіздікке тәубе етті.
Тойлыбаева У.О.