АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 30 Қараша 2022 12:23

«Педагогикалық әлеует» тақырыбында байқау

2022 жылғы 30 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері арасында «Педагогикалық әлеует» тақырыбында байқау ұйымдастырылды. «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие және өз әлеуетін іске асыруда үлкен мүмкіндіктер береді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1-орынды НО-32С тобының командасы иеленді;
  • 2-орынды ПМНО-12С тобының командасы иеленді;
  • 3-орынды НО-32 тобының командасы иеленді.

Сонымен қатар, ПМНО-12Б тобының командасы байқауға белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!