АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 25 Қараша 2022 04:42

«Өз кәсібің туралы көркем әдебиет» тақырыбында кітапхана квилті

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің екінші корпусының кітапханасында, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, қараша айы бойы «Өз кәсібің туралы көркем әдебиет» тақырыбында кітапхана квилті өтті. Квилтке 2 және 3 курс студенттері белсенді қатысты.

Білім алушылар түрлі-түсті қағаздардан түрлі фигураларды қиып алып, оқылған шығармалардың аттарын жазды. Бұл іс-шара студенттердің шығармашылығын, әдебиет пен білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.