АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 19 Қараша 2022 06:49

Зияткерлік ойыны

2022 жылғы 18 қарашада АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында, «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының, РЛ-12 тобының студенттерімен бірлесіп «Әдебиет және өнер әлемінде» зияткерлік ойыны өткізілді. Білім алушылар әдеби шығармалар, өнер туындылары, музыка, кинематография туралы өз білімдерін көрсетті. Студенттер тек орыс әдебиеті туралы ғана емес, қазақ және шетел әдебиеті бойынша да сұрақтарға жауап берді. Болашақ педагогтар әдебиетке және басқа да өнер түрлеріне үлкен қызығушылық, білгірлік және шексіз сүйіспеншілік танытты.