АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 07 Желтоксан 2016 08:37

«Microsoft Access МҚБЖ мәліметтерді көрсету. Конструктор және кесте режимінде кесте даярлау» тақырыбына ашық сабақ

«Ғылыми жаратылыс тану пәндері және ақпараттық жүйелер» циклында 29.11.2016 ж. НО-12 тобы қатысуымен оқытушы Нугманова А.Б. «Microsoft Access МҚБЖ мәліметтерді көрсету. Конструктор және кесте режимінде кесте даярлау» тақырыбына ашық сабақ өткізді.

Сабақта ойын технологияларын қолданудың әдістемелік ерекшеліктері көрсетілді:

  • оқытушы таңдап алған және өзі дайындаған әр түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы білім алушылардың жаңа білім, дағды және біліктіліктерін меңгеруі үшін әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыруы сабақтың негізін құрайды.
  • ребус, кросворд, есептер пән бойынша терминологияны дұрыс игеруге көмектеседі.
  • Іскерлік ойындар белсенді білім беру әдістерінің бірі болып табылады.
  • Іскерлік ойындар оқу курсын шынайы өмірмен байланыстыруға көмектеседі.
  • Осы әдістің негізгі міндеті – қойылған мақсатты сараптау, өз бетімен шешім қабылдау нақышын дамыту.

Сабақтың әр түрлі қадамында ойын технологияларын қолданудың келесі әдістемелік нұсқаулары ұсынылды:

  • ойын технологиялары шығармашылық-іздену деңгейінде оқушылардың жұмыстарын қызықты етеді.
  • информатиканы оқып-үйренудегі күнделікті қадамдарын түрлендіреді.
  • жаңа жағдайда білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
  • оқу үрдісіне қызығушылық және өзгеріс енгізеді.

Ойын технологиялары қолданылатын келесі практикалық тапсырмалар ұсынылды:

1. «Ребустар».

2. «Жұмбақтар».

3. «Үй тапсырмасы».

4. «Капитандар конкурсы».

5. «Конструктор режимінде кесте даярлау».

Сабақ соңында қатысушылар алған теориялық білімдерін қолданып, мәліметтер базасын құрып, өз жұмыстарын қорғады.  

Нугманова А.Б.