2022 жылдың 27 қазанында АҚЖКК ТЖ-11В тобынының студенттерімен бірлесіп орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша «Бескорыстие» К.Г. Паустовский. Біртекті сөйлем мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты - студенттерді К.Г. Паустовскийдің шығармашылығымен таныстыру, негізгі ойды сақтай отырып, оқылған мәтіннің ақпаратын қысқаша баяндауға, өз пікірін дәлелді түрде білдіруге үйрету, сондай-ақ сөйлемнің біртекті мүшелерінің грамматикалық тақырыбын қайталау.
Сабақ барысында оқытудың белсенді әдістері қолданылды, мысалы: Венн диаграммасы, синквейн, кластермен жұмыс және т. б.
Студенттер сабаққа белсенді қатысты, пәнге қызығушылық танытты және тілді жақсы білетіндіктерін көрсете білді.
Кокишева А.К.