2022 жылдың 28 қазанында АҚЖКК ағылшын тілі оқытушысы Усина Самал Сериковна Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының кестесіне сәйкес ПБ-12А тобының студенттерімен тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мотивациялық әңгімеден басталды. Сабақта ұсынылған аудио және көрнекі құралдар студенттерге тақырыпты анықтауға, сабақтың мәселесі мен мақсаттарын тұжырымдауға көмектесті. Оқытудың қолданылған түсіндірме-иллюстрациялық әдісі көрнекілік және қол жетімділік принципін сақтайды. Барлық білім алушылардың позитивті көңіл-күйі қалыптасты. Сабақ ұйымдасқан түрде өтті, бір кезеңнен екінші кезеңге логикалық ауысу, сондай-ақ оқушылардың оқу жұмысын нақты басқару және тәртіпті сақтау болды. Оқу материалының көлемі, сабақтағы уақыт дұрыс бөлінді, оқытудың сипаты объективті болды.