АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 05 Желтоксан 2016 08:43

Ашық куратор сағаты «Көкшетау тарихы»

«Отан-оттан да ыстық»

Халық мақалы

Ашық куратор сағатының тақырыбы: «Көкшетау тарихы»

Мақсаты: оқушыларға Көкшетаудың тарихы туралы мәлімет беру. Туған өлкенің тарихын біліп қана қоймай Отанды, туған жерін сүюге баулу.

2016 жылдың 25 қарашасында «Есеп және Аудит», «Бастауыш білім беру»  топтарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Көкшетау тарихы» атты ашық куратор сағаты өтті. Ашық  куратор сабағын кіріспе сөзбен топ жетекшісі Садуов Берикжан Капбасович ашты. Содан кейін топ старостасы Кабакбаева Гүлімай Көкшетау қаласының тарихы туралы және қаладағы іргелі өнеркәсіп орындары, мемлекеттік мекемелер, ЖОО тағыда басқа мәдени ошақтары жайлы толық мәлімет берді. Оқушылар Көкшетау туралы өздері үйде дайындап әкелген  әңгімелерін, өлеңдерін оқыды.Көкшетау қаласының өркендеуіне, гүлденуіне қомақты үлес қосқан белгілі белді азаматтар туралы әңгімелеп берді.

Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахметова Р.З. және колледж оқытушылары қатысты.

Садуов Б.К.