АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 30 Қараша 2016 08:23

Бірінші президент күніне арналған әңгіме

1- желтоқсан еліміз Қазақстан Республикасының бірінші президенті күнін атап өтеді. Әр халықтың өз елінің тағдырын ойлайтын тұлғалары болады. Ал, біздің яғни Қазақстанымыздың тұлғасы ол –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Колледж кітапханасында  бірінші президент күніне арналған әңгіме өтті. «Назарбаев-дәуір адамы»  атты видеофильм көрсетілді. Ұлт көшбасшысы туралы кітаптары бойынша шолу өтті. Кеште  1,2 курс студенттері мен оқытушылар және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахметова  Раушан Зайнулкабиненовна  тамашалады.

Кріспе сөзді колледждің кітапхана меңгерушісі Жунусова Назгуль Амангельдиновнаға  берілді, кітаптар бойынша шолуды оқу залының кітапханашысы Карымсакова Айгуль Куандыковна өткізді. Өткізілген шара тындармандарға жақсы әсер қалдырды.

Жунусова Н.А.