2022 жылдың 20 қазанында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында Жас педагог мектебінің отырысы өтті. Аталған іс-шарада тәлімгерлер - Акиньшин Н.А., Булкаиров А.Б., Михайлова С.Н., Кайнетов А.С, Омиралина М.К. жаңа бастаған оқытушы мәселелері бойынша сөз сөйледі, сондай-ақ оқу сабақтарын өткізу және оқытушының құжаттамасымен жұмыс істеу бойынша өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісті.
Кафедра психологы Жумалина А.А. оқу сабақтарын жүргізу кезінде жас оқытушылардың мәселелерін анықтау бойынша сауалнама жүргізді. Жас педагог мектебінің отырысы жас оқытушыларға оқыту тәжірибесін және оқыту әдістемесіне дұрыс көзқарасты алуға мүмкіндік береді.