АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 30 Қараша 2016 05:40

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдық концерті

28.11.2016 ж. күні колледж қабырғасында М.Жұмабаев кітапханасы жанындағы «Серпер» жастар клубының «Жүректен жүрекке» атты қайырымдық концерті өткізілді. Концертте қазақша әндер шырқалып, өлең оқылды. Концертті колледждің 1-2 курс студенттерінен 150 білім алушы тамашалады. Мәнді әңгіме мен мағыналы әндерге толы кеш білім алушылар мен оқытушылардың көңілінен шықты. Кеш соңында көрермендер мен оқытушылар қайырымдылық қорына өз үлестерін қосты.

АҚКК-ның тәрбие бөлімі.