2022 жылғы 17 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жоспарлы директорат өтті.
Күн тәртібінде 2022-2023 оқу жылына арналған «ҰЛАН» ӘПК, «Тұлпар» спорт клубының, ЖІК, «Құтқарушы» клубының қызметі, Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы сұрақтар қойылды. Аталған мәселелер бойынша клуб басшылары мен кафедралардың СҒЗЖ жауапты тұлғалары есептерді оқыды.