Қазан айының 4-6 аралығында Астанада ТМД елдері мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII съезі және ІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі өтті.
Съезге Ақмола облыстық білім басқармасының ұсынуымен АҚЖКК оқытушысы Ибраева Гульмайра Ескендировна қатысты.
Аталған шараның пленарлық бөлімінде әр мемлекет өкілдері білім беру саласындағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, тақырыптық секциялар жұмысында білім беру мазмұны, цифрлық трансформация, балалардың әл-ауқаты мәселелері төңірегінде пікір алмасылды. Шеберлік сабақтары өткізіліп, диалогтік алаңда цифрландыру дәуіріндегі оқу сауаттылығы мен ата-аналармен өзара әрекеттесу мәселелері қызу талқыланды.