2022 жылғы 7 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ТЖ-31Б, ТЖ-31В, ТЖ-31Г топтарының студенттері «Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» тақырыбы бойынша ХІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясы.
Аталған іс-шараға Әзірбайжан Республикасы ТЖМ Академиясының, Ресей ТЖМ МӨҚҚ Академиясының, Вьетнам Социалистік Республикасы қоғамдық қауіпсіздік Министрлігінің, Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясының, Моңғолия Ішкі істер Университетінің өкілдері қатысты.