АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 28 Қараша 2016 06:01

«Дос және достық» деген куратор сағаты

«ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  ТЖ -11 «Б»  және ТЖ-41 «С» топтарда    «Дос және достық» деген куратор сағаты өткізілді

Іс-шараға  директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.З. Рахметова, ЖІК төрайымы Ф.Р.Халитова  және колледж оқытушылары қатысты.

 Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсінік беру;

2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын,  пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;

3.Оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интереактивті тақта, нақыл сөздер, сызбалар

Тәрбие сағаты ұйымдастыру бөлімінен басталды: психологиялық дайындық

өткізілді.

Сүрақтар:    

1.Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Кім достық туралы мақал біледі?

3.Адал достық-өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа  дегенді қалай түсінесіңдер?   

Ақниет тж-11б және Ұлжалғас тж-41с    тобының оқушылары «Дос»  туралы өлеңдер  оқыды.

Іс – шарада  Дос туралы диалог құралды. Жағдаяттар шешілді. Топтармен «Жалғастырып көр»  атты жұмыс атқарылды
а) әрбір адамға дос керек. Өйткені... 
ә) менің топ достарыма тілегім... 
б) Сыйластық бар жерде... 

Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдірілді.

Куратор сағатының соңында «Достар» әні орындалды

Тәрбие сағатында ТЖ-41с тобы жетекшілік  ролін атқара отырып,  белсенді ат салысты.

Сарсенбаева Р.А. 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp