2022 жылғы 3 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде жоспарлы директорат өтті. Күн тәртібінде: колледж Студенттік парламентінің қызметі, оқу және өндірістік тәжірибелердің өткізілуін бақылауды талдау, студенттік клубтардың, секциялар мен үйірмелердің қызметі, 1-курс білім алушыларын бейімдеу бойынша жұмыстың алдын ала нәтижелері, сондай-ақ қыркүйек айында атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдау.
Аталған мәселелер бойынша АҚЖКК Студенттік парламентінің Президенті, директордың орынбасарлары, бөлім басшылары және кафедра меңгерушілері баяндама жасады.