2022 жылғы 29 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жатақханасында 1 курс білім алушылары «Әдептілік» тақырыбында дәріс тыңдады.
Бұл дәрісті өткізудің мақсаты - қоғамдық орындарда мінез-құлықтың этикалық нормаларын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу, жеке тұлғаны құрметтеу, бір-біріне сыпайы және мейірімді қарым-қатынас жасау.