2022 жылғы 23-27 қыркүйек аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жатақханасы және бірінші оқу корпусында «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және оқу орнындағы қудалау» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өтті. Іс-шараға Көкшетау қаласының полиция майоры Кошкенова Айжан Омарбаева шақырылды.
Кураторлық сағаттың басты мақсаты студенттердің буллинг, психологиялық зорлық, күштеу сияқты ұғымдарға теріс қатынасын қалыптастыру болып табылады. Студенттерге берілген тақырып бойынша бейне-материалдар және дәріс ұсынылды.