2022 жылдың 22-23 қыркүйек аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Көкшетау қаласы мектептерінің оқушылары шақырылды.
Қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты, «ТЖ-да қорғау» және «Өрт қауіпсіздігі» сияқты мамандықтар туралы хабардар болды. Колледждің студенттері мен оқытушылар құрамы кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті, сондай-ақ оқыту кезінде қолданылатын жабдықтардың таныстырылымын өткізді.
Қазіргі уақытта колледж «Еңбекті қорғау және технологиялық үдерістердің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Бұл мамандық өндірістің қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар кешенін орындауды ұйымдастыруға қабілетті, өнеркәсіп салаларындағы ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған.
АҚЖКК жылдан жылға үздік мамандарды дайындау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізуде.