АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 22 Қараша 2016 07:36

«Студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылығы» жобасы аясында «Адам еңбегімен даңқты» тақырыбында көрме

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Биыл егемен болып бастау алған Қазақ еліне 25 жыл. Осы үлкен айтулы мереке қарсаңында, Қазақстанның түкпір-түкпірінде еліміздің тәуелсіздігіне арналған әр-түрлі іс-шаралар өтуде. Сол іс-шаралардың жалғасы болып мерекеге орай, Көкшетау қаласының Застанциондық қалалық кітапханасында бастау алған «Адам еңбегімен даңқты» жобасы аясында өткен «Студенттердің ғылыми-техникалық шығармашылығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге №14 орта мектебінің оқушылары ж/е мұғалімдері қатысып, оларға АҚКК-де білім алушылары дайындаған баяндамалар оқылды. Баяндамаға қатысушылар колледжіміздің 3 және 4 курс оқушылары  Титаренко Михайл, Медет Абзал, Балабасов Максим. Баяндаманың негізі «Төтенше жағдайда қорғау құралдары» тақырыбы бойынша, жиналған қатысушыларға орыс-қазақ тілдерінде оқылды. Баяндамадан бөлек арнайы деп көрмеге әкелінген әр-түрлі құралдар, авариялық құтқару жарақтары, газ-түтіннен қорғайтын құралдары қойылды. Көрмені көруге келген мектеп оқушылары көптеген мағұлматтар алып, АҚКК деген қызығушылығы зор екендігін жеткізді.

АҚКК-нің мамандықтарымен таныстырып, әр мамандық бойынша қысқаша мағлұматтарды тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Рахметова Р.З. баяндап, толықтырып айтып, кейін оқушыларға колледж буклеттері таратылды, және ПЦК жетекшісі Омиралина М.К. көрмеге қойылған суреттерге жауап беру жұмысын жүргізді.

Көрменің соңы, Көкшетау қаласының Застанциондық қалалық кітапханасының директоры Абишева А.А. қатысушыларға алғыс хаттар табыстағанымен аяқталды. Көрме өте қызықты және мазмұны зор болып өтті. Соңында естелік ретінде бейне-суреттерге түсірілді.

Аяған А.Қ.