ЖМП және АЖ ПЦК оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін жалпылау семинарында химия, биология, география секциясында «Ұжымдық оқыту «Салауатты өмір салты» тақырыбында өткізілді. Қазіргі кезде жаңа оқыту технологияларында жиі қолданылатын ұжымдық, топтық оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың қыр-сыры толық ашылды. Семинарға келген басқа цикл пәндері оқытушылары білім алушылардың рөлінде болып, «Тарелка»,«Зигзаг», «Алты ойшыл қалпақ» әдістерінде белсенді жұмыс жасады. Семинар барысында біздің оқытушылар өздері қолданатын әдіс-тәсілдерді ғана көрсетіп қоймай, жүйке, тірек-қимыл, тыныс алу жүйелерінің биологиялық жасын анықтайтын жаттығуларымен де бөлісті. Химия, биология, география секциясында іс-тәжірибесімен бөліскен Садуов Б.Қ., Болатова А.Ж., Смирнова Н.С., Тойлыбаева Ұ.О., Наурызбай А.Т. Семинар қойылған мақсатына жетті.
Тойлыбаева Ұ.О.