АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 19 Қараша 2016 16:54

Педагогикалық шеберлігін жалпылау семинар (физика пәнінің секциясы)

2016 жылы 17 қараша күні Азаматтық қорғаныс копсалалы колледжінде Жаратылыстану - математика және Ақпараттық жүйе о қытушыларының педагогикалық шеберлігін жалпылау семинары өткізілді.
Семинар «Танысу және тілек» атты психологиялық тренингпен басталды.
Бірінші бөлімде А.Т. Касымбаев, Р.А. Сарсенбаева, Г.Р.Мукушева, Н.В., Данилова өздерінің педагогикалық мәселелері бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыстары және дайындалған әдістемелік құралдар жөнінде баяндады. Оқытушылардың дайындаған шығармашылық әдістемелік құралдары көрмеге қөйылып семинарға қатысушыларға ұсынылды.
Екінші бөлім «Ғылым және Юмор» Роберт Орбен сөздері: «Кіммен күле білсең, сонымен бірге жұмыс жасай аласың» атты әзіл ойын түрінде құралды.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындау барысында актерлік шеберліктерін, педагогикалық тапқырлықтарын, қисын ойлау қабілеттерін көрсете білді.
Семинар өте мағналы және қызықты өтті. Оның соны «Кофе-брейк» тәтті шайға ұласты.

Сарсенбаева Р.А.