АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 19 Қараша 2016 16:26

«Инновациялық технологиялар математика сабағында» тақырыбымен семинар

2016 жылы 17 қараша күні «Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде» математика оқытушыларының «Инновациялық технологиялар математика сабағында» тақырыбымен семинар өткізілді. Семинар мақсаты: оқу үдерісінде инновациялақ технологияларды енгізудегі педагогикалық ұжымның іс-әрекеттерін айқындау. Семинар ойын түрінде өткізілді. Оқытушылар Арапова Г.Б, Хамзина С.Х және Алпысбаева Р.К тақырыпқа сәйкес өз тәжірибелерін көрсетті. Семинарға қатысушылар «Бақытты сәт» ойынында өз белсенділігін танытып, соңында ұйымдастырылған «Кофе-брейк» уақытында қорытынды жасады және педагог математиктер ұйымдастырған шығармашылық жұмыстар көрмесіне ризашылығын білдірді.

Алпысбаева Р.К.