АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 19 Қараша 2016 15:58

«Информатика әлеміне саяхат. Ойын технологияларын қолдану» тақырыбына семинар

«Ғылыми жаратылыс тану пәндері және ақпараттық жүйелер» циклында 17.11.2016 ж. «Информатика әлеміне саяхат. Ойын технологияларын қолдану» тақырыбына «Информатика саласындағы пәндерді оқытуда тәжірибе алмасу атты» семинар өткізілді.

Іс-шараны көп салалы азаматтық қорғаныс колледжі оқытушылары: Сатиева С. М., Рахметова Р.З., Нугманова А.Б. өткізді, қатысушылар: Булатова М.А., Альжанова Л.С., Тыщенко Н.А. және басқалары болды.

Ойын технологияларын қолданудың әдістемелік ерекшеліктері көрсетілді:

  • оқытушы таңдап алған және өзі дайындаған әр түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы білім алушылардың жаңа білім, дағды және біліктіліктерін меңгеруі үшін әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыруы сабақтың негізін құрайды.

  • ребус, кросворд, есептер пән бойынша терминологияны дұрыс игеруге көмектеседі.

  • Іскерлік ойындар белсенді білім беру әдістерінің бірі болып табылады.

  • Іскерлік ойындар оқу курсын шынайы өмірмен байланыстыруға көмектеседі.

  • Осы әдістің негізгі міндеті – қойылған мақсатты сараптау, өз бетімен шешім қабылдау нақышын дамыту.

Сабақтың әр түрлі қадамында ойын технологияларын қолданудың келесі әдістемелік нұсқаулары ұсынылды:

  • ойын технологиялары шығармашылық-іздену деңгейінде оқушылардың жұмыстарын қызықты етеді.

  • информатиканы оқып-үйренудегі күнделікті қадамдарын түрлендіреді.

  • білім алушылардың психологиялық функцияларын белсендендіреді.

  • жаңа жағдайда білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.

  • оқу үрдісіне қызығушылық және өзгеріс енгізеді.

Ойын технологиялары қолданылатын келесі практикалық тапсырмалар ұсынылды:

1. «Ребустар».

2. «Своя игра».

3. «Разминка».

4. «Аукцион».

5. «Шешендік шеберлік».

Іс-шара соңында қатысушылар шешендік шеберліктерін көрсетіп, өз позицияларын қорғады.

«Рефлексия», яғни жұмыс нәтижесін қорытындылау кезінде қатысушылар сұрақтарға жауап бергендегі эмоцияларын смайликтер арқылы көрсетіп, «Информатика» әлемі бойынша эпиграфтар жазды. 

Нугманова А.Б.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp