«Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық».
Н.Ә.Назарбаев.
16.11.2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеуге арналған «Халықаралық-құқықтық іс жүргізудегі шекараны рәсімдеу - егемендік және мемлекеттіліктің негізгі белгісі ретіндегі мемлекет басшысының ролі» атты тақырыпта экономика, тарих, құқықтану ПЦК оқытушылары М.Б.Булатов және М.Е.Бекжанова «құқықтану» мамандығында білім алатын білім алушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шара барысында тәуелсіздік алған кезеңдегі мемлекеттік шекараны шекаралас мемлекеттермен делимитациялау және демаркациялау мәселелері қарастырылды. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы тәуелсіздікке ұмтылған. Қазіргі уақыттағы тәуелсіздігіміз - ұрпағымыздың үлкен еңбегі. Сол себепті әрбір қазақстандықтар үшін тәуелсіздікті мерекелеудің мағынасы мен мәні зор. Бұл іс-шараның тәрбиелік мәні - қазіргі ұрпаққа маңызды тарихи жауаптылық жүктелген – Тәуелсіздігімді сақтау және нығайту қажеттілігінде.
Экономика, тарих, құқықтану ПЦК оқытушысы М.Е.Бекжанова