АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 19 Қараша 2016 15:19

ЖМП және АЖ оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін жалпылау тақырыбында семинар

2016 жылдың 17 қараша Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде педагогикалық шеберлік мектебінің жұмыс жоспарына байлынысты жаратылыстану-математика пәндері және ақпараттық жүйелер ПЦК оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін жалпылау тақырыбында семинар өтті. Семинарға қатысқан колледж оқытушылары түстерге байланысты 4 топқа бөлінді.
Физика әлемінің шеберлігінде: «Ғылым және әзіл» топтық жұмыс, математика әлемінің қызықтарында «Математика сабағында инновациялық технологияларды қолдану» жарыс, биология әлемінің эволюциясында «Салауатты өмір салты» ұжымдық жұмыс істеу тәсілі және иформатика әлемінің инновациясында «Информатика әлеміне саяхат» ойын технологияларын қолдану түрлеріне байланысты шаралар өткізілді. Әр топтың жетекшілері шара соңында қатысушыларға «Кофе-брейк» ұйымдастырды.
Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың инновациялық технологиясын шебер меңгерген ПЦК оқытушыларының дайындаған жұмыстары колледж әкімшілігі мен оқытушыларының көңілінен шықты.

Нурсеитова Р.З.