2022 жыл сәуір айының 25 жұлдызында ӨҚ-11А, ӨҚ-11Б, ӨҚ-11Г, ТЖ-11Г топтарында «Біз бір халықпыз — бір елміз!» » атты 1 мамыр күніне арналған ашық кураторлық сабақ өткізілді.
Қураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің жүрегінде ұлттық патриотизмді дамыту. Кураторлық сағат барысында 1 мамыр біздің ел үшін қандай маңызды шара екендігі туралы, тарихын баяндадық. Қазақстан елінде 130-дан астам ұлт өкілі бүгінгі күнге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келе жатқанын, жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметтеп қарайтындығын, қазақ халқының қарапайымдылығы, бауырмалдылығы туралы айтылды. Осы күні, студенттер мерекеге негіз болған ұлттардың салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырды, сонымен қатар осы саладағы өз білімдерін тексеріп, бір-бірімен жарысты.
Жауапты кураторлар: Иса Д.С., Усина С.С., Темирбаева А.А., Сунхар А.