2022 жылдың 13 сәуірінде практикалық педагогикалық шеберлік орталығы жанындағы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Бастауыш білім беру» педагогикалық мамандықтар студенттері бастауыш сынып апталығы аясында Көкшетау қаласындағы КММ № 12 жалпы білім беретін мектебінде көлеңкелер театрымен өнер көрсетті. Мақсаты: оқушылардың, студенттердің педагогикалық ынтымақтастығы және кәсіптік бағдар беру жұмысы. «Сүйікті ертегілер беттерінде» сыныптан тыс іс-шара оқу сауаттылығының деңгейін арттыруға және сыпайылық ережелерін, өрт, су тасқыны кезіндегі мінез-құлық, дұрыс тамақтану ережелерін қалыптастыруға бағытталған. «Лунтик», «Смешарики», «Маша мен аю», «Мимишки» мультфильмдерінің сюжеттері ұсынылды. Балалар студенттердің өнерін үлкен ықыласпен тамашалады, сюжеттерді тамашалағаннан кейін викторинаға белсенді қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Практикалық педагогикалық шеберлік орталығының жетекшісі: Корнева О.С.