«Оқытудың білім беру үдерісіне мультимедиялық технологияларды енгізу» тақырыбында өткен облыстық семинар – практикумға Ақмола облыстық білім басқармасының облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің ұсынысымен колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ибраева Г.Е. қатысты.
Оқытудың жаңа формалары, құралдары, әдістерін көрсетуге мүмкіндік беретін аталған семинарда Ибраева Г.Е. «Padlet» виртуалды онлайн тақта сервисі, оның мүмкіндіктері, тиімділігі, өзектілігі жайында баяндап, студенттерді сілтеме бойынша қатыстыру арқылы практикалық жұмыспен байланыстыра отыра өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында 80-нен астам жалпы білім беретін пәндердің оқытушылары, колледж әдіскерлерінің арасында кері байланыс орнап, мультимедиялық технологиялар бойынша тәжірибесімен бөліскен оқытушылардың жұмысына қорытынды жасалды.
Ибраева Г.Е.