2016 жылдың 17 қазанында «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында орыс жастары арасында «Тіл - парасат» атты қалалық байқауы өтті.
Байқауға ұлты орыс 18-22 жас аралығындағы жастар шақырылды.
Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің атынан байқауға «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің 3 курс студенті Черненко Юлия қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін ортаға салды.
Байқаудың шарты бойынша:
Бірінші аталым: ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасау.
Екінші аталым жазбаша және ауызша бөліктен тұрды:
а) жазбаша бөлігі: билет арқылы ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу.
ә) ауызша бөлігінде қатысушылар жұппен сұхбат құрды.
Үшінші аталым: «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, би, күй немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы қазақ тіліндегі көркем шығарма үзіндісінің қойылымын орындау болды.
Байқау барысында Юлияның жатқа мәнерлеп оқуындағы Ш.Сариевтің «Тәуелсіздік бізге оңай келмеді» өлеңі сәтті шықты. Юлия байқауға белсенді қатысқаны үшін Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Кеш әсерлі, әрі тартымды өтті.
Ибраева Г.Е.