2022 жылғы 2-31 наурыз аралығында Ақмола облысының полиция Департаменті облыстық бейнероликтер байқауын өткізді. Іс-шара жастар арасында есірткінің заңсыз айналымы мен пайдалануға теріс қатынасты қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ФК-22С тобының студенті, ЖІК мүшесі Сергей Попроцкий бас жүлдені жеңіп алды. Жатақхананың студенттер кеңесі 1 орынға ие болды. Болашақта бұл материалдар мектеп оқушыларымен және студенттермен профилактикалық жұмыста пайдаланылатын болады.
Біздің студенттерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз!