2022 жылдың 14 наурызында Азаматтық қорғаныс кафедрасының апталығы аясында оқытушылар Балгожин Д.Е. және Ғабдолла Д.Б. «ТЖ-да қорғау» мамандығының 2 курс студенттерімен зияткерлік викторина өткізді. 2 адамнан 5 команда қатысты.
Іс-шара барысында студенттер 4 кезеңнен өтті:
1. «Пробежка» кезеңінде білім алушылар ТЖ саласындағы өз білімдерін көрсетті.
2. «Холмс» кезеңінде ұсынылған фотосуреттер бойынша өртті сөндіру кезінде қателерді табу қажет болды.
3. «Грань» бұл кезеңде ұқсас терминдер арасындағы айырмашылықты анықтау үшін терминологияны білу қажет болды.
4. «Оперативность» кезеңі «Холмс» кезеңіне ұқсас, бірақ қателер мен айырмашылықтарды дайындықсыз, жылдам және дұрыс табу қажет болды, бұл студенттердің ойлауын талдаудың тиімділігін көрсетеді.
Іс-шараның мақсаты, ең алдымен, ең білімді қатысушыны анықтау емес, барлық қатысушыларға әрқайсысының жеке ойлауын көрсету, білімді қабылдау және өз дағдылары мен білімдерін жетілдіру болып табылады.