АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Наурыз 2022 11:49

Жас педагог мектебі

4.03.2022 ж. АҚ кафедрасында Жас педагог мектебінің отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  • Педагогтың кәсіби стандарты (Румянцев Ю.В.).
  • Сабақ жоспарларын талдау (Магадилова А.С.).
  • «Жас мамандармен жұмыстағы қиындықтар және оларды шешу жолдары» тақырыбына тәлімгерлердің сөз сөйлеуі (Акиньшин Н.А, Михайлов С.Ю., Михайлова С.Н., Кайнетов А.С., Тураров С.Ж., Булкаиров А.Б.).
  • «Тәлімгерлермен жұмыс, қиындықтар, ұсыныстар және т. б. туралы бөлісу» тақырыбына жас мамандардың сөз сөйлеуі (Джамбулов А.А., Шаханов Д.К., Дёмочкин К.В., Қуантай Е.Ж., Исаков Б.Ж.).
  • Ашық сабақты өткізу ерекшеліктері (Анафина А.К.).

Бұл отырыстың мақсаты тәжірибелі оқытушылардың жас мамандармен тәжірибе алмасуы, жас педагогтардың кәсіби-педагогикалық құзыреттерін қалыптастыру.

Міндеттері: жас мамандардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту, жас педагогтарға күрделі педагогикалық міндеттерді шешуге көмек көрсету, тиімді педагогикалық қарым-қатынасты құруға үйрету, кәсіби қызметтің негізгі салаларында: коммуникативтік, креативті, технологиялық жас педагогтердің құзыреттілігін қалыптастыру.

АҚ кафедрасының әдіскері Магадилова А.С.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp