2022 жылдың 15 ақпанында Ақмола облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқауда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің намысын қорғаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог–зерттеуші оқытушысы Ибраева Гульмайра Ескендировна. Байқау нәтижесі бойынша кәсіби шеберлігі, өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен дараланған әріптесіміз 20 қатысушының арасынан 3-жүлделі орынды иеленді.
Әріптесімізді шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!