2022 жылдың 24 ақпанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде психология пәнінің оқытушысы Хаметова А.А. «Стресс. Стресске төзімділік» тақырыбында ашық сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Стресс дегеніміз не, стресстің себептері, оның адамға тигізетін әсері, стрессті шешудің негізгі жолдары ашық сыныптан тыс іс-шараның басты мақсаты болды. Сабақты сәтті ұйымдастыру үшін ынтымақтастық, өзара түсіністік пен ізгіліктің ерекше атмосферасы құрылды.
Студенттер іс-шарада жоғары ұйымшылдық және белсенділікпен ерекшеленді.