АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 03 Қазан 2016 03:31

«Шашбаулым-2016» облыстық байқауына қатысуы

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «Достар» мәдениет сарайында, Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және «Ақмола облысы іскер әйелдер ассоциациясы» ұйымдастыруымен бұрымдары ұзын қыздар арасындағы «Шашбаулым-2016» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: қыздардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтау, ұзын шашты бойжеткендердің бұрымдарын насихаттау. Мәдени-этикалық құндылыққа тәрбиелеу

Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі атынан байқауға Бастауыш білім беру бөлімінің 3 курс студенті Утегенова Альфия қатысты. Сайысқа қатысушы бұрымды бойжеткендердің барлығы өз өнерлерін ортаға сала білді. Колледжіміздің білім алушысы Альфия осы сайыстан бағалы сыйлық және мақтау қағазымен марапатталды.

Сайыс жоғары деңгейде өтті. 

Куратор: Касимова М.Д